Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
1 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Отбасылы тағы бір сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Отбасылы тағы бір сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Отбасылы тағы бір сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

30 шілде таңғы сағат 05:15-те Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің аға сержанты Абылай Мерғалиевтің асылып өлгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Әйелі түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасында асылып тұрған күйінде тауып алған.

Арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған. Үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.

Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.