logo
search
menu

Иранда 5 күн жаңбырдан кейін 12 адам қаза тапты

Иранда 5 күн жаңбырдан кейін 12 адам қаза тапты
1 тамыз, 2022
Иранда 5 күн жаңбырдан кейін 12 адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Иран мемлекетінде 5 күннен бері нөсер жаңбыр тоқтамай, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Жәнібек Көпжасар өз facebook парақшасында. 

    “Иранда соңғы 5 күн бойы нөсер толастамай, сел жүріп жатыр. Тегеранда 7 адам, Захеданда 5 адам өлген. 45 адам із-түссіз жоғалған, іздеп жатыр. Тегеран, Йазд, Систан мен Белужестан, Хормозган, Керман, Фарс, Бушер облыстарында үйлерді су ағызып, ауыл шаруашылығына өте көп шығын келді.

    Иранда соңғы бірнеше жыл құрғақшылық болып, бір тамшы жауын тамбай қойған. Ел басшылығы "әйелдер хиджабты дұрыс кимегендіктен, Құдайдың қаһарына ұшырадық" деп әйелдерді хиджабты дұрыс киюге шақырған. Бұл апатты да солай сипаттайды-ау...”,- деп жазды ол.

    https://t.me/adyrnaportal
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы