Не орыс, не ағылшын емес: 1-сынып оқушылары енді тек ана тілінде ғана білім алады

Не орыс, не ағылшын емес: 1-сынып оқушылары енді тек ана тілінде ғана білім алады

ашық дереккөзі

Оқу-ағарту министрлігі 1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алатынын мәлімдеді. Бұл шешімді белді депутаттардың өзі де қолдап отыр.

Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар, - дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.

Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жасының деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осылайша шет тілін 3-сыныптан бастап енгізген дұрыс, - дейді тілтанушы ғалым Таңат Аяпова.

Loading...