Педофилдерге жазаны күшейту туралы петиция пайда болды

Педофилдерге жазаны күшейту туралы петиция пайда болды

ашық дереккөзі

Alash.online сайтында педофил мен адам зорлаушыларға жазаны күшейту туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Мектепте, пәтерде және тіпті қоғамдық орындарда, мысалы, Шымкенттегі лифтідегі оқиға – Қазақстанда зорлық-зомбылық оқиғасы жиілеп кетті. Былтыр Аяжан Еділоваға қатысты істі, биылғы кәмелетке толмағандар арасындағы мектептегі зорлық-зомбылықты, Жаркенттегі 15 жасар қызды зорлауды назардан тыс қалдыруға болмайды! Мұның бәрі оларға қолданылатын жазаның жеңілдігі және олардың мерзімінен бұрын босай алатынының кесірінен. Бір рет зорлық-зомбылық жасаған адам екінші рет те сондай қадамға баратыны анық. Бес-алты жыл түрмеде отырған және қайтадан зорлық-зомбылық істеп түрмеге қамалған адамдарды көріп отырмыз. Ар-намысы қорланған қыздарға не болады?

Бір күні өз қызыңыз құрбан болмасына кім кепілдік бере алады? Адам құқықтары мықтап қорғалуы керек! Ал педофилдерді өлім жазасына кесіп, осы баппен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпау керек!» - деп жазады петиция авторы Жеңіс Сейілбек.

Loading...