Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді

Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді

ашық дереккөзі

«Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы» кітабының авторы Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерді сотқа берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Автордың «5:32» сериалына арқау болған хикаялар оның кітабынан рұқсатсыз алынғанын айтты. Сотқа дейінгі шағымдар Salem Social Media ЖШС-ға, режиссер Әлішер Утевке және осы сериалда жұмыс істеген екі сценаристке жіберілген.

Жалдинов сериалдың премьерасы 2021 жылы өткенін, ал кітап 2020 жылы жарық көргенін атап өтті.

«Өткен жылы сотқа берген жоқпын, өйткені бәлеқор атанып, дау-дамайдың ортасында жүргім келмеді. Бірақ биыл Salem Social Media компаниясы мен олардың құрылтайшысы, Еуразия өнеркәсіптік тобы – ERG тарапынан жасалған іс-әрекеттер мені осы шешімді қабылдауға итермеледі және «спорттық қызығушылығымды» тудырды. Енді мен өз ақиқатымды сотта дәлелдегім келеді және сериал түсіргендердің осындай өрескел әрекеті үшін жазаланғанын қалаймын. Сот талабы да жақында болады», - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Loading...