Желіде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды белгісіз адамдардың жұлып жатқан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz. Бейнежазбада бірнеше адам Грейг қызғалдақтарын жұлып, олардан букет жинап жатқан сәт көрсетілген. Полиция департаменті құқық бұзған адамдарға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін және оларды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұл қылмыс түріне 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл шамамен 10 миллион теңге. Сонымен қатар 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.
Loading...