Танымал халық әртісі өмірден өтті

Танымал халық әртісі өмірден өтті

ашық дереккөзі

Танымал театр актрисасы 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды театр ұжымы жеткізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, қазақ сахна өнерінің саңлағы, ҚР Халық артисі РОЗА ӘШІРБЕКОВА 85 жасқа қараған шағында өмірден озды. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы марқұмның жанұясына, жақындары мен күллі қазақ еліне қайғыра отырып көңіл айтады. Сіздің жарқын бейнеңіз көп көңілінде ұзаққа сақталары анық», – делінген М.Әуезов атындағы академиялық драма театры хабарламасында.

Loading...