Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімді болдырмау мен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіруге бағытталған «Өмірді сақта» атты ведомствоаралық бағдарлама дайындауды қолға алды. Бұл туралы Taulik.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Әскердегі өлім-жітімді азайту мақсатында күнделікті нұсқаулықтар, қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар, тәрбиелік және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар сарбаздар арасында жеке және жасырын сауалнамалар жүргізіледі.
Одан бөлек құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен жұмыс істеудің заман талабына сай әдістері қолданылады. Оның ішінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы мен кейс-стади әдісі бар. Ол жерде қателер мен олқылықтар бойынша нақты мысалдар келтіріліп, қаралады», - делінген министрлік жауабында.
Сонымен қатар, әскери бөлімдерде ашық есік күні, сұрақ-жауап кеші, прокурор сағаты және көшпелі сот шарасы ұйымдастырылады.