Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ядролық соғыстың басталу ықтималдығы туралы күтпеген мәлімдемемен таң қалдырды. Оның айтуынша, мұндай текетіресте жеңімпаздар болмайды. Бұл туралы ол ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша X конференцияға қатысушыларды құттықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
«Біз ядролық соғыста жеңімпаздар болмайды және оны ешқашан ашуға болмайды деген алғышарттан шығамыз», - деді Путин.
Путин мәлімдемесін АҚШ президенті Джо Байденнің Ресеймен ядролық қаруды бақылаудың жаңа жүйесін талқылауға дайын екендігі туралы баяндамасынан кейін жасалды. Дегенмен, америкалық көшбасшы келіссөздер үшін «адал серіктес» қажет екенін баса айтты.