ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавлдағы «Халықтық жұмысшылар кеңесінің» сенсациялық мәлімдемелерінен кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл ақпаратты алған бойда ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі – «Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тұрғылықты жерінде де, жұмыс орнында да тінту жүргізілді.Тәркіленген бейнетаспаға, сондай-ақ әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды», - деді Өмірәлиев.Бас прокурордың айтуынша, іс бойынша 18 адам жауапқа тартылып жатыр, олардың іс-әрекеттері сараптамадан кейін бағаланады.
«Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды шығаруға және бұлтартпау шарасын таңдауға болады», - деп қосты ол.