logo
search
menu

Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды

Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды
12 сәуір, 2023
Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Күнсұлу Закарияны лауазымға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz.
    «Мемлекет басшысының Өкімімен Закарья Күнсұлу Дальтонқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды», деп жазды akorda.kz.
    Күнсұлу Закарья – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, QazVac коронавирустық вакцина әзірлеушісі. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры қызметін атқарған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы