Ресей сыртқы істер министрлігі жеке санкция салынған шетелдіктердің кезекті тізімін жариялады. Тізімде Ұлыбританияның 39 азаматы бар, олар: саясаткер, бизнесмен, белгілі басылым журналистері, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Ресейге кіргізуге тыйым салынғандар арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон, лордтар паласатының мүшесі Джордж Робертсон, қауымдастық палатасындағы лейбористік партияның кейбір депутаттары бар. Тағы бірнеше бизнесмен мен Би-би-си, Ай-ти-ви, Times, Guardian, The Sun, The Economist, Daily Telegraph секілді Британияның ірі БАҚ-тары да қосылған.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл санкция «Ресейді құбыжық көрсетіп, халықаралық деңгейде оқшаулауға бағытталған Лондонның жау пиғылына ықпал етіп отырғандарға» салынғанын айтқан.
«Русофобия сіңіру, біздің еліміз туралы жалған ақпарат тарату, Киевтің неонацистік режимін қолдау әрекеттеріне Ресей тарапынан лайықты жауап беріледі», — дейді Ресей сыртқы істер министрлігі.