logo
search
menu
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды

Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен халықаралық турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Ел құрамасынан Данияр Қайсанов (74 келі) пен Әділет Дәулімбаев (92 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді. Күміс медаль Абзал Өкенов (57 келі), Жігер Зәкіров (79 келі) және Юсуп Батырмұрзаевқа (125 келі) бұйырды. Ал Дәулет Ергеш (79 келі), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 келі), Ислямбек Ислямов (86 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі), Серік Бақытханов (92 келі), Олег Болтин (125 келі) қола жүлдені иеленді.