Сарбаздар арасындағы суицидтің негізгі себептері айтылды

Сарбаздар арасындағы суицидтің негізгі себептері айтылды

ашық дереккөзі

Елімізде 5 айдың ішінде 4318 аяқталған суицид тіркелді. Оның ішінде Қарулы күштерге жататыны – 4. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сондай-ақ суицид жасауға оқталған жағдай 4942. Қарулы күштерге 7 жағдай жатады. Бұл 0,1 пайыз. Бұл статистикамен алданып отыру деген сөз емес. Бізде суицидті азайту бойынша арнайы топ құрылды. Бұл - өте маңызды мақсат. Қарулы күштерде адамдар қарумен жұмыс істейді. Жазатайым оқиғалар да болуы мүмкін», - деді ол.

Ахмадиев суицидке баратын солдаттар туралы пікірін білдірді.

«Әскерге 18 жастағы жастар келеді, олардың мойнында сол кезде 9 млн несие тұрады. Бұл тұрмыстық несие де болуы мүмкін. Бұдан бөлек басқа да әлеуметтік жағдайлар болады. Әрбір жағдай ерекше, сондықтан оны жеке қарастыру керек. Бұл адамның өмірі болғандықтан, осы үшін деп жеңіл болжай салуға болмайды», - деді ол.

Loading...