Ресейдің сарбаздары соғысудан бас тартып жатыр

Ресейдің сарбаздары соғысудан бас тартып жатыр

ашық дереккөзі

Украина соғысына қатысудан бас тартқаны үшін «ЛНР» түрмесіне қамалған ресейлік әскерилер тергеу комитетіне тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жазалауды сұрап хат жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Әскери қызметкерлер ЛНР-дің әр түкпірінен ұсталған 140-қа жуық адам «заңсыз бас бостандығынан айырылып, қамауға алынғанын айтып отыр.

Әскерилерді темір торлы терезесі бар бөлмеде қамап ұстаған. Тіпті табиғи қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік бермегендіктен, олар темір шелек пен пластик бөтелкелер пайдаланған. Тамақ бермеген, құжаттар мен заттарды алып кеткен, бөлмеде қарапайым тұрмыстық заттар болмаған.

Оған қоса бас бостандығынан айырудың заңдылығын растайтын құжат толтырылмаған.

Loading...