Қытай АҚШ палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатаң наразылық білдірді. Бейжің Вашингтонның бұл шешімін айыптайды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты RT арнасына сілтеме жасап.
«Әлемде бір ғана Қытай бар, Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі, ал Қытай Халық Республикасының Үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет болып табылады», - деді Қытай Сыртқы істер министрлігі.
Пекин Пелосидің Тайбэйге сапарының «Бір Қытай» қағидасы мен Қытай-АҚШ бірлескен үш коммюникесінің ережелерін өрескел бұзу екенін атап көрсетті.
«Бұл Қытай-АҚШ қарым-қатынасының саяси негізіне елеулі әсер етеді және Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына елеулі түрде қол сұғады», - деді Сыртқы істер министрлігі.