Болат Назарбаев қайтыс болды ма?

Болат Назарбаев қайтыс болды ма?

ашық дереккөзі

Анонимді Telegram-каналдарда Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда кәсіпкердің жақындары бұл хабарды жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Бәрі дұрыс, алаңдамаңыздар. Жағдайы жақсарып келеді. Елдің өсегі ғой. Алла ғұмыр берсін», - деді Болат Назарбаевтың жақындары.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түспегенін айтты.

Loading...