Қытай қандай жағдайда ядролық қару қолданатынын мәлімдеді

Қытай қандай жағдайда ядролық қару қолданатынын мәлімдеді

ашық дереккөзі

Қытай ядролық жағынан өзін-өзі қорғау стратегиясын ұстанатынын мәлімдеді. Алайда бұл ел ядролық қару көлемі бойынша басқа мемлекеттермен бәсекеге түспейді және оны бірінші болып қолданбайды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігі қарусыздану департаментінің басшысы Фу Цон мәлімдеді.

Ол Қытай ұлттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету үшін ядролық қорын ең аз көлемде ұстайтынын және бұл салада саны мен мүмкіндіктері бойынша басқа елдермен бәсекеге түспейтінін баса айтты.

Бұған дейін Қытайдың Вашингтондағы елшісі Цинь Ган АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде америкалық тарап үшін үлкен зардаптарға уәде берген болатын.

Дәл осы күні Қытай аралдың айналасында ауқымды жаттығуларды бастады.

Loading...