Мәзір
26 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Боғымды тазалап бер» деп пікір жазғаннан ел алға жылжымайды» – Айгүл Орынбек

«Боғымды тазалап бер» деп пікір жазғаннан ел алға жылжымайды» – Айгүл Орынбек

«Боғымды тазалап бер» деп пікір жазғаннан ел алға жылжымайды» – Айгүл Орынбек «Боғымды тазалап бер» деп пікір жазғаннан ел алға жылжымайды» – Айгүл Орынбек
ашық дереккөзі
Заңгер Айгүл Орынбек өзінен көмек сұрайтын көпшілікті сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Taulik.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
“Есіктен - есікке, тесіктен - тесекке” кіріп жүрген депутаттарға айтыңдар уәждеріңді! “Су жоқ, “ауылым сасық”, “пәтердің кезек-тізімінен алып тастады” , “аш-жалаңашпын, көмек беріңізші” деп маған келіп жылаудың қажеті жоқ! “Депутат болсам, бәрін қатырам”, деп уәдені үйіп-төккендерді іздеңдер! Халық депутаттан талап етсе, депутат әкімдерді сілкілейді! Көздеріңді ашыңдар, әркім тұрғылықты жері үшін өздері күресетін уақыт келді! Менен емес, бәрін мына аудан, қала, облыс, мәжіліс мінберіндегі депутаттарыңыздан сұраңыздар! Ол депутаттар “Бізді деген Халық таңдады, Халық қалаулысымыз” деп жүр емес пе?! Сондықтан, “Кім екенін білмейміз ғой олардың, депутат дегенді танымаймызда” деп жылап отырмай, интернетті ашып ізденіңдер! Халық талапшыл болған сайын, “ығай” мен “сығайлар” депутаттық мандатқа ұмтылмайды. Халықтың алдындағы мол жауапкершілікті сезіндіру, ол - тек халықтың қолында! Мысалыға: Өзің тұратын жерден депуттаттыққа кімдер түскенін, сосын кімнің сайланғанын анықта! Одан кейін, тұрғылықты аймақтағы күрделі мәселелерді қағаз бетіне түсіріп, сол депутаттарға жазып беріп отыр. Ал депутаттар сол жазылған дүниелерді жүзеге асуын әкімдерден талап етіп, сол жұмыстар орындалғанда ғана біз дамимыз. Өнеміз, өсеміз! Ал үйде жатып алып, “суымды қосып бер”, “боғымды тазалап бер” деп пікір жазғаннан, бұл едл алға дамымайды! Әркім өзгерісті өзінен бастасын", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Апта талқысында: