14 жастағы қазақстандық жасөспірім 45 жастағы ресейлікті зорлаған - БАҚ

14 жастағы қазақстандық жасөспірім 45 жастағы ресейлікті зорлаған - БАҚ

ашық дереккөзі

14 жастағы жасөспірім Санкт-Петербург тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Ол оқиға орнына екінші рет келгенде ұсталған, - деп хабарлайды taulik.kz  fontanka.ru басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, ол 45 жастағы әйелдің үйіне бес күннен кейін оралған. Ал полицияға Ярославль даңғылының тұрғынынан қоңырау түскен. Ол бөтен адам пәтеріне кіріп жатқанын хабарлаған. Сол жерде жасақ Қазақстанның 14 жастағы азаматын ұстаған. Басылым мәліметіне сүйенсек, 45 жастағы арызданушы 20 сәуірде дәл осы жасөспірім оны өз пәтерінде зорлағанын жеткізген. Зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал жасөспірімнен жауап алынып, босатылған.

Loading...