Мәзір
4 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Алматыда 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынады

Алматыда 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынады

Алматыда 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынады Алматыда 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынады
ашық дереккөзі

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қала әкімі атап өткендей, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. Бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.

«Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай тұрғын үйлердің қабаттылығы 9 қабатқа дейін болуы белгіленді және әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті», - деді Алматы әкімі.

Апта талқысында: