Мәзір
3 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

ӘЧ: алты қазақ басқа елдің атынан шығады

ӘЧ: алты қазақ басқа елдің атынан шығады

ӘЧ: алты қазақ басқа елдің атынан шығады ӘЧ: алты қазақ басқа елдің атынан шығады
ашық дереккөзі
Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында алты қазақстандық басқа елдің атынан шықпақшы, деп хабарлайды Taulik.kz. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Спорт журналисінің айтуынша, байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын ұлттық құрамадағы 13 жігіт қорғайды. Бұдан бөлек, тағы 6 қандасымыз басқа елдердің атынан шаршы алаңға шықпақшы. Атап айтқанда, Өзбекстан елінен Руслан Абдуллаев есімді қазақ бақ сынайды. 63 келіде өнер көрсететін боксшы бұрын Қазақстан атынан шыққысы келген. Бірақ әртүрлі себеппен мақсаты орындалмапты. Руслан қазір алғаншы саптағы фавориттердің бірі. Бұдан бөлек, Қытай құрамасында Тоқтарбек Таңатқан мен Данабек Байғазы есімді қос бірдей қазақ бағын сынайды. Алғашқысы 2 мамырда жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал Түркіменстан құрамасында Дулат Мұқанов есімді этникалық қазақ бар. Моңғолия сапында Бекнұр Қали деген боксшыны да кездестіруге болады. Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақ бірінші айналымда жекпе-жекке шықпады. Ал Бахрейн сапында 51 келіде Азат Махметов жұдырықтасады. Азат Қазақстанда дүниеге келген. Кейін азаматтығын ауыстырды.

Апта талқысында: