Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
9 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Медеудегі өрт қасақана жасалған болуы мүмкін

Медеудегі өрт қасақана жасалған болуы мүмкін

Медеудегі өрт қасақана жасалған болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Тауға әдейі өрт қойған болуы мүмкін. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осындай болжам барын айтады, деп хабарлайды taulik.kz
Хабар24 сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тауда тынығып отыратын арнайы орындар бар. Десе де демалушылар оны айналып өтеді. Тіпті қураған ағашқа әдейі өрт қойған деген де жорамал бар. Алғашқы жасақ жеткен кезде таудан түсіп келе жатқан 2 адамды байқап қалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Ескесала кетейік, Горельник шатқалындағы өрт Арслан Құрманбеков есімді өрт сөндірушінің өмірін қиып кетті. Жас жігіттің жасы небары 30 да ғана еді. Ол Алматыдағы нөмірі жетінші өрт сөндіру бөлімінің аға сөндіруші-құтқарушысы болған. Қызметтік борышын өтеу барысында түнгі сағат 1 жарым шамасында тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде мерт болды. Қураған ағаш өртеніп, опырылып құлаған. Ал мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі Ерік Оқасов қолын жарақаттады.
Бұл жер "Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Кіші Алматы орманшылығына қарайды. 2011 жылы дауыл кезінде сол аумақта 5 мыңға тарта Тянь-Шань шыршасы құлаған болатын.
Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 15-ке жуық арнайы техника мен "Қазавиақорғау" мекемесінің тікұшағы тартылды.