Еуропа Одағы Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович пен оның ұлы Александр Януковичті санкциялар тізіміне енгізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
ЕО сайтында олардың әрекеттері «Украинаның аумақтық тұтастығына, сондай-ақ мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру немесе қауіп төндіруге бағытталған» - деп жазылған.
Бұған қоса, Украинаның экс-президентінің ұлы Донбасстағы сепаратистік топтармен мәмілелер жасағаны атап өтілді.
«ЕО Ресейдің бейбіт тұрғындарға және азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет шабуыл жасауын қатаң айыптайды және Ресейді Украинаның барлық аумағынан өзінің халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шегінде барлық әскерлері мен әскери техникасын дереу және сөзсіз шығаруға шақырады», - деп қосты ЕО.
Хабарда Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмекті қоса алғанда, Украинаның жалпы экономикалық, әскери, әлеуметтік және қаржылық тұрақтылығына күшті қолдау көрсетуді жалғастыратыны айтылған.