«Ұмай» ипотекасына бөлінген қаражат үш сағаттың ішінде таусылып қалды

«Ұмай» ипотекасына бөлінген қаражат үш сағаттың ішінде таусылып қалды

ашық дереккөзі

10 мамыр күні танертең Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотека бағдарламасына өтінім қабылдауды басталған. Түстен кейін өтінімнің көптеп түсуіне байланысты науқан тез арада тоқтатылды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұмай» әйелдер ипотекасының тартымды шарттары барлық сату арналарында үлкен сұранысқа ие болды. Біз несие беру лимиті күннің алғашқы бөлігінде таусылады деп күткен жоқпыз және өкінішке қарай, Қазақстан бойынша өтінім қабылдауды жабуға мәжбүр болдық. Азия даму банкімен ынтымақтастықтың осындай табысты тәжірибесі әлі жалғасады деп үміттенеміз. Барлық жаңалықтарды Instagram және YouTube арқылы айтып отырамыз. Түске дейін өтінім беріп үлгерген бақытты жандарды құттықтаймыз және баспана туралы армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз», - делінген Отбасы банктің хабарламасында.
Сондай-ақ Отбасы банк бұл жобаны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Жобаны сол шарттар бойынша жалғастыру үшін Азия даму банкімен келіссөз жүргізіледі.

Loading...