Ақтауда үйдің бетон маңдайшасы құлап, 1 адам қайтыс болды

Ақтауда үйдің бетон маңдайшасы құлап, 1 адам қайтыс болды

ашық дереккөзі

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің бетон маңдайшасы құлады. Салдарынан бір адам көз жұмды, тағы екеуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды taulik.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, оқиға 9-ші ықшам ауданда орналасқан №4-ші үйде болған. Тұрғын үй кіре берісіндегі бетон маңдайша құлап сондағы 3 азамат зардап шегіп отыр. Тіпті бірі оқиға орнында көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, олар ескі маңдайшаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері.
“Қазір зардап шегушілер тексеріліп жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы екеуінің де жағдайы тұрақты”, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Оқиға орнында құзырлы орган жұмыс істеуде. Істің толық мән жайын тексеріліп жатыр.  width=

Loading...