logo
search
menu

Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тағылды

Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тағылды
15 мамыр, 2023
Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тағылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бас прокуратура Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге жаңа бап бойынша айып тағып отыр, деп хабарлайды taulik.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
    "Өткен аптада бас прокурордың аға көмекшісі Тәштенов Азат жаңа айып тақты", - делінген Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
    Құдайбергеннің үстінен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-тармағы "("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") бабымен іс қозғалған болатын.
    Еске сала кетсек, ол 2022 жылдың сәуірінде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы