Өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап берген дзюдошы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап берген дзюдошы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

ашық дереккөзі

Желіде қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап берген сәтінің видеосы тарап кетті, деп жазады Taulik.kz сайты.

Кадрларда журналист орыс тілінде спортшыға «кішігірім жарақаты ойынға кедергі келтірді ме?» деген сауал қойған. Ал спортшы еш кедергі болмағанын, бұндай жарақаттарға үйреніп қалғанын айтып, толықтай қазақша жауап береді.

Журналист қойған екі сауалға да толықтай ана тілінде жауап берген спортшы көпшілікті сүйсіндірді.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Loading...