АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкер Украинадағы соғыстың кем дегенде тағы бір жылға созылатынын айтты, деп жазады Taulik.kz сайты.
«Украинадағы соғыс кем дегенде тағы бір жылға созылады. Соғыстың нәтижесі Батыстың қару-жарақ пен қаржылық несие түріндегі көмегінің сапасы мен санына байланысты болмақ», - деді ол.
Объективті себептерге байланысты соғыс 2023 жылдың жазына дейін созылады.
«Бізді алда өте қиын күндер күтіп тұр. Оны түсінуіміз керек... Әсіресе қыс шыққан соң қиындық еселене түседі. Соғыстың келесі кезеңі басталады. Соғыс жазға дейін жалғаса түседі», - деді Волкер.