«Зерде» холдингі таратылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«2022 жылғы 5 тамызда үкімет «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ны таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі сайтында жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері.