Студенттердің стипендиясы екі есеге көбейетін болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп жазады Taulik.kz сайты.
Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады.
«Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9%-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады», - деді Саясат Нұрбек.