ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мемлекеттік орган басшыларымен кездесу кезінде тұрғындар жиі көтеретін мәселелерді атады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Министрлер өңірлердегі кездесулер кезінде азаматтардың бірқатар өзекті мәселесін анықтады. Халықты неғұрлым көп толғандыратын мәселелерге тоқталсақ, олардың арасында қалалар мен ауылды елді мекендердегі ұялы байланыс пен интернет сапасы, өңірлерге электр және газ желісін тарту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы бар. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері көтерілді», - деді Омаров.
Сонымен қатар өңір тұрғындары білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, бала асырап алу, қашықтан оқыту форматы, оқу бағдарламаларын жаңарту, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыруға қатысты тақырыптарын қозғаған.