Белгілі PR-маман Айбар Олжаев мейрамханада немесе кафеде қазақ тіліндегі ас мәзірі болмаса, құзыретті органға телефон арқылы қалай шағым түсіруге болатыны туралы бейненұсқаулық жасап, Facebook парақшасында жариялады, деп жазады Taulik.kz сайты kazislam.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кафеде қазақша ас мәзірі жоқ па? Смартфон арқылы 2 минутта шағым түсіруге болады және ол шағым ешқашан аяқсыз қалмайды. Әкімдік барып тексеруге міндетті. Оның қадамын прокуратура бақылап отырады. Осы заңды құқығыңызды қалай іске асыруға болады? Смартфоннан видео нұсқау жаздым. Бәрі оңай және түсінікті. Видеоны сақтап алыңыз және таратыңыз», – деп жазды ол.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.