logo
search
menu

Қазақстандық боксшы америкалық Энди Бельтранмен жұдырық түйістіреді

Қазақстандық боксшы америкалық Энди Бельтранмен жұдырық түйістіреді
19 шілде, 2023
Қазақстандық боксшы америкалық Энди Бельтранмен жұдырық түйістіреді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың (6-1-1, 4 КО) АҚШ-та қай күні жұдырықтасатыны белгілі болды. Оның осы айдың соңына жоспарланған жекпе-жегі өткізілмей қалған еді, деп хабарлайды Taulik.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап. Боксшы 22 шілдеде Лонг-Бичте (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шығуы тиіс еді, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмейтін болды. BoxRec.com ақпаратынша, Айдынның ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерсте өткізіледі. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Энди Бельтран (6-0, 3 КО). Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады. А. Елжановтың бұған дейінгі соңғы жекпе-жегі 1 сәуір күні Лонг-Бичте өтті. Онда төрешілердің шешімімен ол мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең түскен.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы