Мәзір
20 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталды

Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталды

Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталды Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында тергеліп жатқан азаматтарды азаптаған 4 полиция қызметкері сотталды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Прокурордың сөзінше, аймақта құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілген. Сондай-ақ, полиция ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылыпты.
«Соңғы жарты жылда  прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді Тілеубердиев.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп, 17 адам сотталды. Жуырда ШҚО-да сотталғандар түрме қызметкерлерінің тегін дұрыс атамағаны үшін азапталғаны жайлы жазғанбыз. Сондай-ақ, Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Апта талқысында: