Мәзір
20 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта бейбіт митинг өтті

5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта бейбіт митинг өтті

5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта бейбіт митинг өтті 5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта бейбіт митинг өтті
ашық дереккөзі
Сарыағашта кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті, деп хабарлайды Taulik.kz.  Бүгін Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың «бейсенбілік асы» өтті. Батадан шыққан бүлдіршіннің туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп, бейбіт митинг өткізді. «Әділдік сот болсын!», «Педафилдерге өлім!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап, 20-ға жуық адам көшеге шықты. Қазақпараттың жазуынша, жиналғандармен облыс прокурорының бірінші орынбасары Д. Сыздықов, аудан әкімі А. Абдуллаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е. Бейсебаев түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір жарым сағаттан кейін олар үйлеріне тарқады. Қазіргі таңда ауылдағы жағдай бірқалыпты және қандайда бір қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құзырлы органдар тарапынан жағдай бақылауға алынған. Ал, Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі ауылдағы саяси ахуал тұрақты екендігін хабарлады.

Апта талқысында: