“ 1 млн 400 мың”: "СҚ-Фармация" басшысы жалақысын атады

“ 1 млн 400 мың”: "СҚ-Фармация" басшысы жалақысын атады

ашық дереккөзі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын қазақ тілінде айта алмай қалды.

Брифинг барысында БАҚ өкілі "СҚ-Фармацияға республикалық бюджеттен, атап айтқанда МӘМС қорынан қаражат бөлініп отырғананын еске салып, қазіргі нарықтағы қымбатшылыққа байланысты Ерхат Есқалиевтің "СҚ-Фармация" басшысы ретінде жалақысы қанша екенін және қазақ тілінде жауап беруін сұрады. Ал "СҚ-Фармация" басшысы оған қазақ тілінде жауап бере алмады.

"Менің жалақым 1 миллион 404 мың теңге. Қолға аламын", - деп орыс тілінде жауап берді Ерхат Есқалиев.

Loading...