Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Taulik.kz.
А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айзала Муптилда үш алтын, Л.Ковальчук үш күміс медальді еншіледі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның мәліметіне сәйкес, ауыр атлеттер Қазақстан құрамасы қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды.
Taulik.kz