Мұғалім бейнекамера жоқ жерлерде оқушыларға діни насихат жүргізген
«28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерлерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 3-бөлігі (»Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу«) бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жинастырылды», - делінген полиция хабарламасында.