Журналист Әйгерім Тілеужан отырған изоляторда әйелдер аштық жариялады

Журналист Әйгерім Тілеужан отырған изоляторда әйелдер аштық жариялады

ашық дереккөзі

Журналист Әйгерім Тілеужан отырған изоляторда әйелдер аштық жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz. Алматыдағы №72 тергеу изоляторында әйелдер аштық жариялағаны туралы Азаттыққа адвокат Айнара Айдарханова хабарлаған.

"Әйелдер жетекшілікке арыз жазған, себебі оларды басқалардан бөлек ұстауы керек. Бірақ 72 әйел ортақ камерада отыр, олардың құқығы бұзылып жатыр. Әйгеріммен бір камерада отырған әйелдердің ішінде біреуінің астмасы асқынған, екіншісінде эпилепсия бар. Әйгерім айғайлап көмек шақырмағанда олардың жағдайы қиын болар еді. Белгілі бір ауруы бар адамдарды арнайы камерада дәрігердің бақылауында ұстау керек" деп жазды адвокат Айдарханова.
Наразы әйелдердің көбі изолятордағы жағдай мен өздеріне қатысты шыққан сот үкіміне наразы. Айдарханованың сөзінше, қазір изоляторда кемі екі әйелдің аштық жариялағаны белгілі, әйелдердің көбі қамау орнындағы жағдайға наразы әрі әділ тергеу мен әділ сот шешімін талап етеді. Әйгерім Тілеужан да аштық жариялауы мүмкін дейді қорғаушы. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Азаттыққа басында "жағдайдан хабарсызбыз" деген, кейін "ақпарат күтіп отырмыз" деді. Комитеттен әзірге жауап келген жоқ. Қазірге дейін аштық жариялағандардың бірі Бағдагүл Андреева (Қалиасқарова) былтыр қарашада "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті басып алуды жоспарлады" деген күдікпен қамауға алынған.

Loading...