logo
search
menu

Екібастұзда автогаз құю бекетінде жарылыс болды

Екібастұзда автогаз құю бекетінде жарылыс болды
26 шілде, 2023
Екібастұзда автогаз құю бекетінде жарылыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Екібастұзда автогаз құю бекеті өртенді, жалынның үйлерге тарау қаупі бар, деп хабарлайды Taulik.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
    «26 шілде, сағат 13:24-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесі, 5 мекенжайында автокөліктерге газ құю бекетінен өрт шықты, 4 цистерна ашық жалынмен жанып жатыр. От жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға өту қаупі бар. Жеке үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан. Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталуда, өртті сөндіру жалғасуда», - делінген ТЖД мәліметінде.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы