logo
search
menu

Ауғанстандағы барлық сұлулық салондары жабылды

Ауғанстандағы барлық сұлулық салондары жабылды
26 шілде, 2023
Ауғанстандағы барлық сұлулық салондары жабылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда барлық сұлулық салондарының жабылатынын хабарлады, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұған дейін мекеме иелеріне кәсіпті тоқтатуға бір ай уақыт берілген болатын. Талибтер салондардың жабылуын олардың қызмет көрсету бағасының тым жоғары болуымен, сондай-ақ олардың кейбірінің шариғат заңына қайшы келетіндігімен түсіндірді. Сарапшылар салондардың жабылуы 60 мың жұмыс орнын жоғалтып, Ауғанстан экономикасына ауыр соққы болады деп есептейді. Косметика секторы ауған әйелдеріне жұмыс істеуге рұқсат берген соңғылардың бірі болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы