logo
search
menu

Алматыда жыл сайын 400-ден 500-ге дейін ВИЧ инфекциясы анықталады

Алматыда жыл сайын 400-ден 500-ге дейін ВИЧ инфекциясы анықталады
28 шілде, 2023
Алматыда жыл сайын 400-ден 500-ге дейін ВИЧ инфекциясы анықталады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматыда жыл сайын 400-ден 500-ге дейін ВИЧ инфекциясы анықталады, деп жазады Taulik.kz. Бұл туралы Алматы ЖИТС орталығының бас дәрігері Марат Төкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, 80 пайызы жыныстық қатынас арқылы, тағы 20 пайызы инъекциялық есірткі арқылы ауырады.
    «Бүгінде 4429 адам диспансерлік есепте тұр. Олардың барлығы қажетті ем-доммен қамтылып, зертханалық тексеруден өтіп, қандағы вирустың концентрациясын төмендететін дәрілер қабылдануда», - деді Төкеев.
    Orda.kz жазуынша, жыл сайын халық арасында АИТВ-ны анықтау үшін 450 мыңға жуық тест жүргізіледі.
    «Біз жаңа жағдайларды анықтаған бойда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес емдеуді дереу бастаймыз. Арнайы препараттармен қандағы вирус концентрациясын төмендетеміз, бұл вирустың ауру адамнан сау адамға жұғу қаупін азайтады», - деді Түкеев.
    Ол бүгінде АИТВ созылмалы ауру ретінде танылып, ем алған жағдайда толық өмір сүріп, бала туа алатынын айтты.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы