Мәзір
1 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ақмолалық полицейлер Бурабайда ұрланған iPhone-ды астаналық ломбардтан тапты

Ақмолалық полицейлер Бурабайда ұрланған iPhone-ды астаналық ломбардтан тапты

Ақмолалық полицейлер Бурабайда ұрланған iPhone-ды астаналық ломбардтан тапты Ақмолалық полицейлер Бурабайда ұрланған iPhone-ды астаналық ломбардтан тапты
ашық дереккөзі
Ақмолалық полицейлер Бурабайда ұрланған iPhone-ды астаналық ломбардтан тапты. Бурабайда ұрланған iPhone-ды полицейлер астаналық Ломбардтан тапты, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 27 мамырда Бурабай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның Бурабай курорттық кентіндегі қонақүйлердің бірінде белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы қызметкерлерге арналған киім-кешек бөлмесінде қалдырылған өзіне тиесілі IPhone телефонын ұрлап кеткендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Залал сомасы 450 мың теңгені құрады. Ер адам бұл телефонды сол күні сатып алғанын және жұмыс ауысымының басталуына байланысты мобильді құрылғыны шкафта қалдырғанын айтты. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін, түнгі сағат 00:25 шамасында жәбірленуші телефонының жоғалып кетткенін анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Заттай дәлел тәркіленді. Полицейлер ұрланған IPhone-ды ер адам елордалық ломбардтардың біріне тапсырғанын анықтады. Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Апта талқысында: