logo
search
menu

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
1 тамыз, 2023
Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Танымал пародист Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты. Өнер иесі ақынның жағдайын сұрап, үйіне барған, деп жазады  Taulik.kz kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.
    Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "Деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.
    Айта кетелік, бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр сырқатына байланысты шетелде емделген болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы