СҚО-да шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

СҚО-да шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданындағы EMS AGRO серіктестігінде шошқа фермасында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Taulik.kz. Ауысым аяқталғаннан кейін ЖШС-нің төрт жұмысшысы Тайынша ауданындағы Новоивановка ауылындағы мал бордақылау алаңынан жұмыс орнынан шықпаған. Кейінірек 8 метр тереңдіктегі кәріз қоймасын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды. Skopetro телеграм арнасының жазуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А.С.Сапаров, оның бірінші орынбасары М.И.Тасмағанбетов, полиция бөлімінің бастығы Қабдулдинов А.Т., Тайынша ауданының прокуроры Әубәкіров Ғ.С., Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Омаров М.Қ. жүр. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Аймақ басшысы қаза тапқандардың үйіне барып, отбасына көңіл айтуда.

Loading...