logo
search
menu
Астанада ер адам парашютпен секіру кезінде қайтыс болды
ашық дереккөзі

Астанада ер адам парашютпен секіру кезінде қайтыс болды

Астанада ер адам парашютпен секіру кезінде қайтыс болды Астанада 58 жастағы ер адам парашютпен секіру кезінде ауыр жарақат алып қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Оқиғаның мән-жайын Астана қалалық полиция департаменті айтып берді.
"31 шілдеде Алматы аудандық ПБ кезекші бөліміне қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде науқастың қайтыс болғаны хабарланды. 58 жастағы ер адамды Астана - Көкшетау тасжолында орналасқан парашютшілер клубынан жедел жәрдем каретасы алып кеткен. Ол жансақтау бөліміне ауыр жарақатпен түскен", - деді ПБ өкілдері.
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.