logo
search
menu
Алматыда көшеден әйелдің өлі денесі табылды
ашық дереккөзі

Алматыда көшеден әйелдің өлі денесі табылды

Алматыда көшеден әйелдің өлі денесі табылды Алматы тұрғыны Көк базар маңында жолдың қақ ортасында қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жерде жатқан әйел денесінің суреті пайда болды. Сол маңда тұратын тұрғындарының айтуынша, күйеуі оны ұрып-соғып, үйден қуып шыққан. Айтуынша, ол үш күн бойы көше кезуге мәжбүр болған. Әйелдің денесінен соққы іздері болғаны белгілі болды. Полиция бұл айыптауларды жоққа шығарды. Медеу ауданының ТЖД мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің тұрақты тұрғылықты жері жоқ. Ол көзі тірісінде ішімдік ішкен"- деп қосты ведомство.