logo
search
menu

Екіге бөлініп кеткен: электросамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды

Екіге бөлініп кеткен: электросамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды
3 тамыз, 2023
Екіге бөлініп кеткен: электросамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Электросамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды, деп хабарлайды Taulik.kz Оқиға Новороссийскіде болған. 21 жастағы жігіт электрсамокаттан құлап, белін жарақаттап алған. Кейін №1 қалалық ауруханаға түскен. Дәрігерлер зардап шегушіде ішкі ағзадан қан кету белгілері барын анықтаған. Тексерулер барысында, жігіт электрсамокаттан құлаған кезде сол жақ бүйрегі екіге бөлініп кеткені белгілі болған. Massaget.kz жазуынша, органды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, бүйректі алып тастауға тура келген. Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өткені, қазір жігіт үйіне шығарылғаны айтылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы