logo
search
menu

Шымкентте полицейдің қатысуымен жол апаты орын алды

Шымкентте полицейдің қатысуымен жол апаты орын алды
4 тамыз, 2023
Шымкентте полицейдің қатысуымен жол апаты орын алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы ПД-ның басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды. Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы